25 мамырға қарай індет өршіп кетуі мүмкін – Рүстемова

20 Мамыр 2021, 14:15
3338
Бөлісу:
25 мамырға қарай індет өршіп кетуі мүмкін – Рүстемова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова елордада МӘМС жүйесінің жүзеге асырылу барысы туралы өткен брифингте айтты.

Соңғы аптада ауру жұқтырудың саны бірқатар азайғанын байқадық. Аз, бірақ бар. Стационарға түскен науқастардың саны да азайды. Бұл туралы әлі айтуға ерте. Қазір сауда орталықтары жұмыс істеп тұр. Халық белсенді араласып жүр. 1 мен 9 мамырда мейрам күндеріндегі демалыстар болды. Осының барлығын есепке алғанда 14 күннен кейін, 25 мамырға қарай ауру өршуі мүмкін, - деді ол.

Рүстемова инфекция болған соң, ол солай тұрақсыз болатынын жеткізді.

Ал осы аптада көрсеткіштер төмендеді. Вакцинацияға келетін болсақ, сәуірде халық белсенді келді. Мамырда ол бәсеңдеді. Тек Нұр-Сұлтанда ғана емес, барлық өңірде азайды. Тұрғындар вакцинацияға балама жоқ екенін түсінеді деп ойлаймын. Себебі қалыпты өмірге оралу үшін міндетті түрде халықтың басым бөлігі вакцина алуы керек, - деді Әлия Рүстемова.

Оның айтуынша, қазір қалада вакцина салдыратын пункттер жеткілікті.

Сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істейді. Онда адамдар бір-бірімен араласады. Ауруды жұқтыруы мүмкін. Ал оған күніне 28 адам ғана вакцина алуға баруы мүмкін. Сондықтан сауда орталықтарында тағы да вакцинациялау пунктін жасақтау қарастырылмаған, - деді ол.
Бұған дейін ол шетелде вакцина алғандарға Қазақстанда вакцинация паспорты берілмейтінін мәлімдеді.



Өзгелердің жаңалығы