25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

25 Ақпан 2019, 08:15
1849
Бөлісу:
25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз  болады. Кей жерде жауын-шашын жауады, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерінде тұман болады. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Актөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерінде тұман  түседі, Шығыс Қазақстан облысының Жармин ауданында, күндіз Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, желдің екпіні 28 м/с дейін жетеді.

 

Өзгелердің жаңалығы