25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

25 Ақпан 2020, 08:40
1071
Бөлісу:
25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің басым бөлігі жоғары қысым жағдайында болады, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, деп болжайды.

Батыс пен солтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар). Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста көктайғақ, солтүстік және солтүстік-батыста қар жауады, деп хабарлайды "Казгидромет" РМК.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде қар жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда және Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Алматыда күндіз 8° күн ашық, Нұр Султанда күндіз -7°, аздап бұлтты болады.
Өзгелердің жаңалығы