Бас жаңалықтар
Елордалық полицейлер азаматтардан 24 қару тәркіледі
11 Шілде 2019, 14:13 315

Елордалық полицейлер азаматтардан 24 қару тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың полицейлері «ҚАРУ-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстарды ашу және алдын алу, сондай-ақ заңсыз айналымнан атыс қаруын тәркілеу мақсатында 10-14 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «ҚАРУ-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде», - деп хабарлады Полиция департаментінде.

Іс-шараның негізгі мақсаты заңсыз сақталған, ұрланған және жоғалған қаруды іздестіру, «Криминалды қару» есебінде тұрған қаруларды, оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу жұмыстарын жүргізу болып саналады.

«Жедел-алдын алу шараларының бірінші күні 1230 қару иелері тексерілді. Қаруды сақтау талабын және қайтадан тіркеу мерзімін бұзған 20 қару иесі әкімшілік жазаға тартылды. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін азаматтардан 24 қару тәркіленді», - делінген хабарламада.

Іс-шара барысында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

10 шілдеде қала тұрғыны өз еркімен травмат тапаншасын тапсырды.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық