24 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

24 Наурыз 2019, 09:17
1644
Бөлісу:
24 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінде түнде және таңертең таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Тек оңтүстік-батысы, солтүстігі мен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында кей жерде жел күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысында түнде және таңертең кей жерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында кей жерде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында  жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Атырау облыстарында кей жерде тұман, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында көктайғақ болады.

 

Өзгелердің жаңалығы