Бас жаңалықтар
24 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда
21 Қараша 2020, 09:20 123

24 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 838 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Олардың арасында 511 бала бар. Стационарларда 3 127 науқас жатыр. 7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 224 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген таратылған ақпаратта.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 154 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 91 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 40848, 425 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29869 жетті.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...