24 мамыр. Сайлау барысы

24 Мамыр 2019, 19:15
2409
Бөлісу:
24 мамыр. Сайлау барысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 24 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген үгіт-насихат жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз. 

ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ жұмысшыларымен кездесті.

«Ақ жол» партиясынан ҚР президенттігіне үміткер Дания Еспаева штаб жетекшілерімен бірге Көкшетау қаласына келіп, Қазақстандық Агро Иноовациялық корпорация ұжымымен кездесті.

Президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың Атырау облыстық сайлауалды штабының мүшелері және сенімді өкілдері «Рауан Налко» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кандидаттың сенімді өкілдері Алматы облысының Көксу кентінде қант зауытының еңбек ұжымымен Қостанай облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен кездесті. Қосанов республикалық штаб офисінде сенімді өкілдерін қабылдады.

«Ауыл» партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбековтың Қарағандыдағы сенімді өкілдері сайлаушылармен кездесіп, үміткердің сайлауалды бағдарламасын талқылады. Алматыда өткен жастар форумының қатысушылары Төлеутай Рақымбековты қолдайтындықтарын жеткізіп, 9 маусым күні өтетін сайлауға белсене қатысуға шақырды.

«Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан» ҚР президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша аймақтық қоғамдық штаб өкілдері өнер адамдарымен, кітапхана, театр, медицина қызметкерлерімен кездесті. “Келешек” жастар кеңесі  “Сайлау – азаматтық борыш” деген атаумен дебат турнирін ұйымдастырды.
 
Кандидаттың Маңғыстау облыстық сенімді өкілдері Түпқараған және Қарақия аудандарында білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Таспиховтың Жамбыл облысындағы сенімді өкілдері «ҚТЖ Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның Жамбыл жол бөлімшесінің еңбек ұжымында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.

Балқаш қаласының тұрғындары Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» бағдарламасының артықшылықтарын талқылады. Кандидаттың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Сыр өңірінде болды. Олар Қызлорда облысында күріш өсірумен айналысатын «Жан-Арай» ЖШС және «Best service LTD» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының оқытушылары мен профессорлар құрамы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен танысты.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы кандидаттың сайлауалды үгіт-насихат кезеңінің аралық қорытындысы жөнінде брифинг өткізді.

Елордадағы «Жерұйық» саябағында ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелді қолдауға арналған концерт өтті.

Өзгелердің жаңалығы