24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамы

23 Қараша 2020, 13:15
1397
Бөлісу:
24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күн ішінде Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашынсыз ауа райын сақталады.

Сондай-ақ, Солтүстік-батыс антициклон сілемі өз әсерін тигізуді жалғастырады.

Циклон Скандинавия түбегінің аудандарынан елдің тек батыс аймақтарына ауыса бастайды. Ол жауын-шашын әкеледі, кейбір аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын, сондай-ақ ауа температурасы аздап көтеріледі. 

Республика аумағының кей жерлерінде жел күшейеді.


Өзгелердің жаңалығы