Бас жаңалықтар
23 жастағы америкалық талма дертімен ауыратындар үшін медициналық қорапша ойлап тапты
21 Қыркүйек 2019, 00:37 420

23 жастағы америкалық талма дертімен ауыратындар үшін медициналық қорапша ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 жастағы Ума Смит талма дертімен ауыратындар үшін медициналық қорапша шығарды, деп хабарлайды 24.kz.

Дизайнер бойжеткеннің өзі де осы ауру түрімен күресіп келеді. Қорапша талма ұстаған кезде басқа зақым келмес үшін киіп алатын құрылғыдан тұрады. Онда арнайы тетік орнатылған. Егер науқас адам жоқ жерде құлап, тырыспасы 5 минуттан ұзақ жалғасса, батырма арқылы жедел жәрдем шақыра алады.

Сондай-ақ құрылғының бір бұрышында бөгде адамдар үшін алғашқы көмек көрсетудің нұсқаулығы жазылғын.

Айта кетейік, ауруды бақылау және алдын алу орталығының ақпары бойынша АҚШ-та талма дертімен 3,4 миллион адам ауырады. 




Загрузка...

Сізден жаңалық