Бас жаңалықтар
23 сәуірге арналған ауа райы болжамы
23 Сәуiр 2019, 08:15 341

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстік таулы аймағында катты жаңбыр жауады.


Республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын болмайды. Кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертен Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Загрузка...

Сізден жаңалық