23 мамырға арналған ауа райы болжамы

23 Мамыр 2019, 08:15
1355
Бөлісу:
23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, тұман, жел күшеюі, дауыл болуы,  бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын, батысында және оңтүстігінде күн ашық болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысынын кей жерінде найзағай, дауыл болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерінде тұман, күндіз найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Павлодар түнде және таңертең Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз Павлодар облысында найзағай болады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі.

Түнде Павлодар облысының кей жерінде 1-6 градус, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 3 градус, Шығыс Қазақстан облысында 2 градус үсік сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы