23 мамыр. Сайлау барысы

23 Мамыр 2019, 17:31
2491
Бөлісу:
23 мамыр. Сайлау барысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 23 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген үгіт-насихат жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз. 

ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің Шымкент қалалық сайлау штабы студент жастармен кездесті. 

«Ақ жол» партиясынан ҚР президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның штабы Ақмола вагон жөндеу зауытының ұжымымен кездесу өткізді. 

Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Әміржан Қосанов Қостанай облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен кездесті. Ол Затобол кентіне барып, «Заречное ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесу өткізді. 

«Ауыл» партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбеков әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шықты. Сондай-ақ, ол Шығыс Қазақстан обылсы Глубокое ауданына қарасты Солнечное кентінің тұрғындарымен және «Майлы дақылдар» шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті. 

«Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан» ҚР президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың сенімді өкілдері Жұмабаев ауданының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. Кандидаттың республикалық қоғамдық штаб өкілдері Батыс Қазақстан облысына келді. Батыс Қазақстан облыстық өңірлік штабының белсенділері Бәйтерек және Теректі аудандарына жолға шықты.

Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының Махамбет ауданында өткен форумына 1 мың адам қатысты. Nur Otan партиясы Алматы облыстық  филиалында елге танымал ғалымдар, ақын-жазушылар мен сазгерлер қауымы аймақтық қоғамдық штабтардың өкілдерімен кездесу өткізді. Кандидаттың Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық штаб өкілдері елордалық сайлаушылармен кездесті.

ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел Алматы қалалық сайлауалды штабы ұйымдастырған тоғызқұмалақтан өткен турнирге қатысты. Кандидаттың сенімді өкілдері Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті. 

Өзгелердің жаңалығы