22 жастағы отандық боксшы МТК Global-мен келісімшартқа отырды

24 Шілде 2019, 04:37
1291
Бөлісу:
22 жастағы отандық боксшы МТК Global-мен келісімшартқа отырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. МТК Global промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Ескендір Харсанмен келісімшарт жасасты. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтында жазылды.


22 жастағы боксшы профи-рингтегі соңғы айқасын 24 наурыз күні Алматыда грузин Джаба Мемишишиге (8-11, 1КО) қарсы өткізген болатын. Алты раундқа есептелген екінші жеңіл салмақтағы кездесу екінші раундта Е.Харсанның жеңісімен аяқталды.

Боксшы Мемишишиді үш рет нокдаунға түсіріп, соңында нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, рингте небәрі алты жекпе-жек өткізген Ескендір Харсан екі титулға ие - WBC Intercontinental-дың «жастар» белдігіне және WBB нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына.


Өзгелердің жаңалығы