22 мың жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды – ШҚО

11 Желтоқсан 2020, 00:42
1556
Бөлісу:
22 мың жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да автокөлік иелері онлайн қызметтерді жиі ала бастады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Азамат Есембулов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, осы жылдың басынан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шығысқазақстандықтар өз бетінше 45 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алған.

Оның ішінде 23 мыңға жуық азамат автокөлікті қайта тіркеуден өткізсе, 22 мыңнан астамы жүргізуші куәлігін онлайн өтініш беру арқылы ауыстырды. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы ШҚО тұрғындары egov.kz портал арқылы 1566 автокөлікті қайта ресімдесе, 3 мың жүргізуші куәлігін электронды тәсілмен алған.


Өзгелердің жаңалығы