Бас жаңалықтар
22 мамырға арналған ауа райы болжамы
22 Мамыр 2019, 08:15 213

22 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ."Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын, тек батысында және оңтүстік-батысында ауа райы ашық болады. Кей жерде найзағай, тұман түседі, жел күшейіп, дауыл болып,  бұршақ жаууы мүмкін. 

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Павлодар облыстарының  түнде кей жерінде 1-6 градус, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 3 градусқа дейін, Ақтөбе облысында 1 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерінде ыстық  сақталады, Ақтөбе облысының кей жерінде жоғары өрт қауіпі бар.




Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық