22 мамыр. Сайлау барысы

22 Мамыр 2019, 16:35
2525
Бөлісу:
22 мамыр. Сайлау барысы

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген үгіт-насихат жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз. 

ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков «Талсуат» оңалту орталығында қызметкерлермен, емделушілерімен, зейнеткерлік жастағы азаматтармен кездесті.

«Ақ жол» партиясынан ҚР президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның Қызылорда аймақтық сайлауалды штаб мүшелері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушыларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Әміржан Қосановтың Қарағанды облыстық штабының үгіт-насихат тобы "Кеншілер" мәдениет сарайы алдында флешмоб өткізді. Кандидаттың штабы сайлауға байланысты видеоүндеу жариялады. Сондай-ақ, Қосанов Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесті

«Ауыл» партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбеков Шығыс Қазақстандағы агрофирма қызметкерлерімен кездесті. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің акт залында кандидатты қолдауға арналған концерт өтті

«Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан» ҚР президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың облыстық штабы Түркістан қаласында тұрғындармен кездесті. Қызылордада сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталуымен жүргізілген «Жолаушы» акциясы жалғасты. Түркістан қаласында «Келешек» жастар қанаты Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы бар кітапшаларды таратты

Үміткерді қолдау мақсатында Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы саябақта кездесу өтті

Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының Батыс Қазақстан облысына сапары аяқталды. РҚШ мүшелері Қостанайдағы өндіріс саласы өкілдерімен және ауыл халқымен кездесті. Штаб мүшелері бүгін Атырау облысына келді. Алғашқы кездесу Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында өтті. 

 

Өзгелердің жаңалығы