22 қазанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы өтеді

14 Қазан 2020, 16:13
1326
Бөлісу:
22 қазанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында хабарлады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы 22 қазанда өтеді. Отырыс аймақтардың қатысуымен онлайн форматта өткізіледі. Отырыстың күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе - Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау. Сондай-ақ, алдағы уақытта болатын отырыс аясында Президент Әкімшілігі, Үкімет, Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі басшылығының қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмыс топтарында пікірталас өтеді, - деп жазды ол.



Өзгелердің жаңалығы