22 өңірлік ХҚО бөлімінде жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

23 Қаңтар 2019, 14:36
2923
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Еліміздің 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргізуші куәлігін ауыстыра алды. Онда көлікті тіркейтін және жүргізуші куәлігін ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімінің мамандары қызмет көрсетеді. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлік жүргізушісінің куәлігі берілген. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзімі бітуге таяу жүргізуші куәлігін жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиісті емтихандарды тапсырып, медициналық тексерістен өтудің қажеті жоқ. Аймақ тұрғындары көлік жүргізу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзімі 1 ай, кейін «жоғалғанның орнына» белгісімен жаңа көлік жүргізу куәлігі беріледі.  

Бұл ретте көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғалар жүргізуші құжатын қалпына келтіру үшін тиісті емтихандарды тапсыру керектігін еске саламыз.

Сондай-ақ астаналық көлік иелерінің назарына жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚО-дан бөлек Тәуелсіздік даңғ., 32 мекенжайындағы ХҚО-да алмастыруға болатынын хабарлаймыз.

Бұдан бөлек, көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметінің электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшін көлік жүргізушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданып, баж салығы төленеді. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады.

Жүргізуші куәлігін ауыстыруға болатын аудандық ХҚО мекенжайлары:

 

Облыс атауы

Аудан атауы

Облыс атауы

Аудан атауы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

 

 

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Ақмола облысы

Есіл ауданы

Жалағаш ауданы

Ақкөл ауданы

Арал ауданы

Степногорск қаласы

Жаңақорған ауданы

Жамбыл облысы

Сарысу ауданы

Қармақшы ауданы

Талас ауданы

Шиелі ауданы

ШҚО

Жарма ауданы

Павлодар облысы

Ақсу қаласы

БҚО

Қазталов ауданы

СҚО

Тайыншы ауданы

Бөрілі ауданы

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Түркістан облысы

Түркістан қаласы

Осакаров ауданы

Сайрам ауданы

 

Өзгелердің жаңалығы