22 қазанға арналған ауа райы болжамы

22 Қазан 2019, 08:08
1530
Бөлісу:
22 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстанның басым бөлігінде кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік, оңтүстік  және оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, тұман, солтүстікте көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20 м/с, екпіні кей жерде 23-28 м/с. Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Түнде Түркістан облысының кей жерінде үсік 1 градус күтіледі.



Өзгелердің жаңалығы