22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

22 Ақпан 2019, 08:30
2125
Бөлісу:
22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты республиканың батысында және солтүстік-батысында ауа райы тұрақсыз, кей жеде жауын-шашынды болады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшеюі мүмкін.

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді. 

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ түседі, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді, көктайғақ болады. 

Атырау облысының кей жеріңде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы