21 жылдан кейін ашылған қылмыс

20 Қараша 2019, 21:30
7731
Бөлісу:
21 жылдан кейін ашылған қылмыс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 жыл бұрын болған кісі өліміне кінәлі Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылдың 16 қарашасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы полиция бөлімі қызметкерлері 21 жыл бұрын болғанкісі өліміне кінәлі Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғыны анықталып, ұстады.


Күдікті өз түсініктемесінде аталған жағдайдың достарымен ішімдік ішіп, ерегісіп қалуы салдарынан болғанын айтты. Ерегіс кезінде күдікті "ИЖ" маркалы 12-ші калибрлі қарудан оқ атып, салдарынан қарсыласы оқиға орнында қаза болады. Тергеу жұмыстарының барысында күдіктінің көрсетуімен үйінің ауласынан жерленген мәйіттің қалдықтары табылды. Одан бөлек, күдікті 2013 жылы ерікті түрде өткізу акциясында қаруды Мойынқұм ауданы ішкі істер бөліміне өткізгенін айтты, - делінген хабарламада.

Өткізгені туралы мәлімет АЕК-ге тіркелген. 

Сонымен қатар, ішімдік ішіп отырған көрші бөлмеден оқ дауысын естіген куәгер түсініктемесі бар. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің  99-бабы 1-бөлімі ("Кісі өлімі") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.



Өзгелердің жаңалығы