Бас жаңалықтар
Әр балаға 21 мың. Құжатыңызды қашан тапсырсаңыз да, бір айға толық төлем аласыз
01 Сәуiр 2019, 22:08 1593

Әр балаға 21 мың. Құжатыңызды қашан тапсырсаңыз да, бір айға толық төлем аласыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек туралы өтініштерді қабылдау барысымен танысты.

Ведомство басшысы Нұр-Сұлтан қаласында жұмыспен қамту, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және Алматы ауданының әкімдігінде болды.

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев жұмыспен қамту орталығының келушілеріне атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш берген күнге байланысты болмайтынын атап өтті.

«Қай күні өтініш бергеніңіз маңызды емес, сіз жәрдемақыны бір айға толық аласыз. Асығудың, ажиотаж жасаудың қажеті жоқ, ертең немесе ары күні, бір ай ішінде, кезек болмағанда келуге болады», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, ол жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің назарына 1 сәуірден бастап құжаттарды қабылдау процедурасы айтарлықтай жеңілдетілгенін және АӘК алу үшін жеке куәлік пен тиісті өтініш беру жеткілікті екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда ү.ж. 1 сәуірінен бастап АӘК көрсету өлшемі күнкөріс минимумынан 50% - дан 70% - ға дейін өсіп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 тг. төленетін болады.

Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын ұйымдастыру және бақылау мақсатында Еңбек министрлігінің қызметкерлері жергілікті жерлерде азаматтарға қажетті мәселелер бойынша кеңес беруге өңірлерге барды. Жалпы, республика бойынша құжаттарды қабылдау штаттық режимде өтуде.

Бұдан басқа, «111» бірыңғай байланыс орталығы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша кеңес алуға болады.

Загрузка...

Сізден жаңалық