21 мамыр. Сайлау барысы

21 Мамыр 2019, 18:18
2040
Бөлісу:
21 мамыр. Сайлау барысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 21 мамырда Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген үгіт-насихат жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз.

ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков Қызылорда облыстық медицина орталығы қызметкерлерімен кездесті. 

«Ақ жол» партиясынан ҚР президенттігіне үміткер Дания Еспаева Қарағанды облысына келіп, сайлауалды штабы қарағандылық кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Ол арнайы экономикалық аймақта орналасқан «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытының жұмысшыларымен кездесті. 

Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Әміржан Қосанов елорданың проблемалы тұрғын үйлерінің үлескерлерімен кездесті. Кандидаттың сайлауалды штабы елордада «Сайлаушымен кездесу» акциясын өткізіп, Абай – Республика – Бөгенбай – Сарыарқа көшелерін қамтитын ауданда аула аралау шарасын ұйымдастырды. 

«Ауыл» партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбеков Павлодарда шаруа қожалық иелерімен кездесіп, «Сағып» шаруа қожалығын аралады. 

«Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан» президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штабы облыстық офтальмология орталығы ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қызылорда қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен кандидатты қолдау мақсатында, Халықаралық отбасы күні мен 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты жанұя» отбасылық спорттық сайысы өтті. 

Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың РҚШ мүшелері Батыс Қазақстан облысына келді. Сайлаушылармен алғашқы кездесу «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да өтті. 

Алматыда Қазақ спорт және туризм академиясында «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Сәдібек Түгел зиялы қауым өкілдерімен кездесті.  


 

Өзгелердің жаңалығы