Бас жаңалықтар
21 ақпанға арналған ауа райы болжамы
21 Ақпан 2019, 08:15 412

21 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағы бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, соған байланысты жауын-шашын, күндіз оңтүстік-шығысында, шығысындағы таулы аумақтарда қатты қар жауады. 

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с, Шығыс Қазақстан облысында күндіз екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында екпіні 25 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Манғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Загрузка...