Министр 2025 жылы барлық жол 100% жақсаратынын айтты

17 Қыркүйек 2019, 11:42
2186
Бөлісу:
Министр 2025 жылы барлық жол 100% жақсаратынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысында DoingBusiness рейтингінде Қазақстанның позицияларын жақсарту талқынады. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 2025 жылға қарай республикалық маңызы бар автожолдар 100% жақсаратынын айтты.

«Doing Business рейтингі аясында біздің министрлік «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша жауапты. 2018 жылы осы индикаторға сәйкес Қазақстан 35-орынды иеленді. Кәсіпкерлік қызметті реттеу үшін заңнамалық бастаманың бесінші және алтыншы топтамасы жетіле түсті. Рейтингті жақсарту үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде 8 реформа жүзеге асты. Бес нормативтік-құқықтық актілер бойынша 30-ға жуық түзету қабылданды. Қазақстан рейтингін жақсарту үшін 8 пакет бойынша ұсыныс дайындалды және ұлттық экономика министрлігіне енгізілді. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша министрлік «Инфрақұрылым» факторы үшін жауапты болып табылады», - деді Роман Скляр. 

Оның айтуынша, 2018 жылы осы фактор негізінде Қазақстан 69-орынды иеленген. 

«Инфрақұрылым» факторы аясында министрлікке 8 индикатор бекіген. «Жол желісінің сапасы» және «Жол инфрақұрылымының сапасы» индикаторларын жақсарту үшін республикалық желідегі 6 мың шақырым автожолды, облыстық, аудандық маңызы бар 4,6 мың шақырым автожолды салды, қайта жаңартты және жөндеді. Жергілікті желіні қаржыландыру 200 млрд теңгеге артты. Осы қаржыландыру сақталған жағдайда 2025 жылға қарай республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайға 100 % дейін жетеді», - дейді министр.

Министрдің cөзінше, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесін 95 % дейін жеткізу жоспарланған. 

«Теміржол тығыздығы» және «Теміржол тасымалдарының тиімділігі» индикаторларына Алматы теміржол стансасы бойынша айналма жол салу жобасы оң әсер етті. Сонымен қатар, теміржол көлігі саласында заңнамалар жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жолаушылар пойыздарындағы сервисті жақсарту және жолаушылар вагондарын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр», - деді Роман Скляр.

Бұған дейін бүгін үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі 30 елдің қатарына кіру үшін не істеу керегін айтқан болатын. Ал премьер-министр Асқар Мамин еліміздің DoingBusiness рейтингінде бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша әлемнің 190 елі арасында 28-орында екенін айтты. Сонымен қатар ол Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позицияларын одан әрі жақсарту үшін 1 ай мерзімде қолда бар шаралар жоспарларын өзектендіріп, жаңа іс-шаралар жоспарын қабылдау керегін айтты.

Өзгелердің жаңалығы