2025 жылға қарай Алматы облысындағы жолдардың сапасы 99%-ға жақсарады

30 Қыркүйек 2021, 15:49
1854
Бөлісу:
2025 жылға қарай Алматы облысындағы жолдардың сапасы 99%-ға жақсарады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысындағы маңызы бар жолдардың сапасы 2025 жылға қарай 99 пайызға артады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов «Jetisý Media» алаңында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, биыл жергілікті жолдардың сапасын арттыру бойынша іске асырылып жатқан 283 жобаға 47,4 млрд теңге қарастырылған.

Облыстық маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеуге 27,7 млрд теңге бөлінді. Оған 418,2 шақырымды автокөлік жолын қайта жөндеу жоспарланған. Бұл тек осы жылы атқарылатын жұмыстар кешені. Осылайша 2025 жылға қарай облыстағы жолдардың сапасы 99 пайцызға дейін жақсарады,-деді Тұяқов.

Алматы облысының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дарибаев бөлінген 17 млрд теңге бойынша қазіргі таңда 286 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өткенін жеткізді. Ал, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 39 жобаны іске асыруға 17,1 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа облыстық және жергілікті маңызы бар 191,9 шақырымды автомобиль жолы қайта жөндеуден өтеді.

Өзгелердің жаңалығы