2025 жылға қарай 418 индустриялық жоба іске асырылады – Ерғалиев

5 Қараша 2021, 14:41
1163
Бөлісу:
2025 жылға қарай 418 индустриялық жоба іске асырылады – Ерғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық жобаның «Индустриялық инновациялық даму» бағыты шеңберінде екі негізгі міндет айқындалды.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

Министр бұл жолда өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту, сондай-ақ өндіріс көлемін ұлғайту, өңдеу өнеркәсібі тауарларының номенклатурасын кеңейту керектігін айтты.

Бірінші міндетті шешу үшін кәсіпорындардың жаңа технологияларды сатып алуға және енгізуге, жабдықтарды монтаждауға және іске қосу-жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ біліктілікті арттыруға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға және кредит беру, оның ішінде лизинг шарттарын жақсартуға жұмсалған шығындарын өтеуге бағытталған кешенді шараларды іске асыру көзделеді, – деді Әсет Ерғалиев.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіптегі цифрлық технологияларды пайдаланатын кәсіпорындардың үлесін 7-ден 23%-ке дейін арттыру жоспарлануда. 2025 жылға қарай 418 индустриялық жоба іске асырылып, негізгі капиталға 11 трлн теңгеден аса инвестиция тартылады. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2020 жылдың деңгейіне 1,5 есеге артады.

Өзгелердің жаңалығы