2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге жұмсалмақ
3 Мамыр, 14:03 440

2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге жұмсалмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге жұмсалады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Ұлттық компаниялардың қызметкерлерінің жалақысына  қатысты тапсырма берді.

Біріншіден, міндеттерді сапалы іске асыру. Екіншіден, бағдарламада көзделген нақты міндеттерді іске асыру жөніндегі пысықталған жобаларды қабылдап оны жүзеге асыру. Үшіншіден, Ұлттық компания қызметкерлерінің табысына әсер ететін нақты идикаторларды белгілеу, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ ол 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына бөлінетін қаржы мөлшерін атады.

Барлығы белгіленген. 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге бағытталған, - деді Ералы Тоғжанов.

Ол «Самұрық-қазына» қорындағы 200 мыңдай жұмыс істейтін азаматтардың табысын арттыру көзделгенін айтты.

Халық үшін өте маңызды жоба. Өйткені бұл бүкіл Қазақстан халқының – әл-ауқаты деп айтсам артық айтпаймын. Халық табысын арттыру бағдарламасына бүкіл министрліктер жауапты. Оның жүзеге асуына бүкіл аймақтағы әкімдер де жауапты. Неге десеңіздер, осы бағыт ел халқының әл-ауқатын жақсартуға, нақты жұмыс орындарын құруға бағытталады, - деді Ералы Тоғжанов.

Тоғжановтың айтуынша, әрбір салалардағы өзгеріс пен ірі өндіріс орындары бойынша қабылданатын шараларды халық білуі қажет.

Бүгін нақты әр сала бойынша талқылау болады. Оның ішінде, әсіресе өндірістік персоналдарда жұмцс істейтін қызметкерлердің азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, жалақыларын арттыруға байланысты ауқымды квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың орны туралы жиын өткізіп жатырмыз, - деп атап өтті Тоғжанов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...