2025 жылдан бастап еліміз ЕАЭО елдерінде әділ роумингке көшуі мүмкін
29 Қазан 2021, 15:58 260843

2025 жылдан бастап еліміз ЕАЭО елдерінде әділ роумингке көшуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2025 жылдан бастап Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде әділ роуминг тарифтеріне көшуі мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арман Шаққалиев Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің (Комиссия кеңесі) бұйрығымен Еуразиялық экономикалық одаққа (Одақ) мүше мемлекеттердің аумақтарында халықаралық роумингте ұялы байланыс қызметтеріне әділ тарифтерді белгілеу үшін қажетті шарттарды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын қабылдау жөніндегі мәселені түсіндіріп өтті.

Бүгін Комиссия кеңесі қабылдаған әділ роуминг тарифтерін белгілеу жөніндегі іс-шаралар Жоспары Одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары мен халықаралық қауымдастығына «іс-әрекеттегі» интеграцияны көрсетеді. Жоспарды әзірлеу ҚР Премьер-Министрі Асқар Ұзақпайұлы Маминнің бастамасы болып табылады. Осы бастама 2019 жылдың қазан айында Ереван қаласында өткен Үкіметаралық кеңес барысында мәлімделген - деді ол.

Осыған ұқсас шешімдерді көптеген интеграциялық бірлестіктер, оның ішінде Батыс Африка Одағы, Анд қауымдастығы да қабылдаған.

Мысалы, Еуропалық одақ роумингте «үй» тарифтерін орнатуын 20 жетістіктерінің ең жақсысының бірі ретінде мойындады. Жоспар Одаққа мүше елдердің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ ұялы байланыс операторларымен бірқатар технологиялық және ұйымдастырушылық мәселелерді зерделеуді көздейді. Бұдан басқа, Жоспарға әділ тарифтерді адал пайдалану ережелерін әзірлеу кіреді. Яғни, «үй» тарифтерін роумингте қолданудың максималды мерзімін анықтайды. Біз өз тарапымыздан Жоспар бойынша іс-шаралардың орындалуын қадағалайтын боламыз. Оларды толық енгізгеннен кейін, 2025 жылдан бастап бізге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде әділ роуминг тарифтеріне көшуге мүмкіндік береді, - делінген мәлімдемеде.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...