Бас жаңалықтар
2023 жылы елімізде «Әлеуметтік Кодекс» қабылданады
28 Қыркүйек 2021, 15:03 1470

2023 жылы елімізде «Әлеуметтік Кодекс» қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов елімізде «Әлеуметтік Кодекс» дайындалып жатқанын айтты.

Министрлік Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік Кодексінің» тұжырымдамасын дайындап жатыр. Тұжырымдама 2022 жылы қабылданады, ал Кодекс 2023 жылы қабылданады деп жоспарланып отыр.

Айтуынша, Әлеуметтік Кодекстің негізгі жаңашылығы әлеуметтік қызметті жетілдіру, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке тарау болады.

Әлеуметтік қызмет моделі жаңартылады. Атап айтқанда, әлеуметтік қызметкерлерді аккредиттеу және аттестаттау, жан басына қаржыландыру жаңа моделі енгізіледі, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі көтеріледі, - деп түсіндірді вице-министр Ерлан Әукенов брифингте.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...