2023 жылы Астана мектептерінде орын саны 120 мыңға артады

20 Ақпан 2019, 12:59
2553
Бөлісу:
2023 жылы Астана мектептерінде орын саны 120 мыңға артады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов 2023 жылға қарай қала мектептеріндегі орын саны 120 мыңға артатынын айтты.

 
 «Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет» екенін білесіздер. Яғни, әу бастан білім жолы – ауыр жол. Алайда, қазіргі заман талабы – оқу процестерін жеңілдету. Қолжетімді қылу. Ыңғайлы ету», - деді Сұлтанов қала тұрғындарына.

Әкім халық саны өскен сайын қосымша мектептер құрылысын салуға, балабақшада орын тапшылығын жоюға басымдық берілетінін айтты. 

«Балаларды мектепке дейінгі білім берумен 100% қамту мәселесі бар. Бұл халықтың табиғи өсімі мен ішкі миграцияның белсенді жүруіне байланысты болып отыр. Біз мұны қалай шешеміз? Балабақшалар бойынша: жеке меншік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс беру арқылы, қазіргі таңда бұл – 40% және 4 жаңа балабақшаның құрылысы бар. Оның бірі көру қабілетінде бұзушылық бар балаларға арналған. Мектеп бойынша: 2023 жылға дейін 161 мың орынға тағы 120 мың жаңа орын қосу, яғни екі есе арттыру. Былтыр 4 жаңа мектеп ашылды. Қаңтарда №20 мектеп ашылды, жаз ортасында Жұмабаев даңғылындағы мектепті қолданысқа береміз. Орта білім беру мекемелері бойынша 16 нысанның құрылысы жүріп жатыр, оның 12-сі биыл пайдалануға беріледі. Жалпы көлемі 12 мың жаңа орын ашылады», - деді қала басшысы есеп беру кездесуінде.
Назерке АБИБУЛЛА
Өзгелердің жаңалығы