2021 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына 800 млн доллар бөлінді

16 Мамыр 2020, 05:43
2801
Бөлісу:
2021 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына 800 млн доллар бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық олимпиада комитеті жазғы Олимпиада ойындарының 2021 жылға шегерілуіне байланысты қазынадан 800 млн доллар бөлді, деп жазды 24.kz.

Оның 650 млн доллары шығынды жабу үшін бағытталса, қалған сома халықаралық федерация мен комитеттерге несие ретінде беріледі.

Айта кетейік, спорттық доданың кейінге қалдырылуына әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы себеп болды. Енді 2020 жылы Токиода өтеді деп жоспарланған жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың жазына жоспарланып отыр.
Пандемия әлемдік экономикалық дағдарысқа әкеп соқты. Жаһанды жайлаған індет Олимпиаданың өтуіне де кері әсерін тигізді. Алдағы уақытта жағдайдың қалай болатыны белгісіз. Десе де, бұл қиыншылықтарды еңсеретінімізге сенемін, - деді Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.



Өзгелердің жаңалығы