Бас жаңалықтар
2020 жылы Павлодар облысында таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 54,1%-ға жетеді
20 Шілде 2019, 06:37 215

2020 жылы Павлодар облысында таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 54,1%-ға жетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі қолдауымен өңірде су құбырларын салу қарқынды жүзеге асырылуда, деп жазды pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі Болат Бақауов атап өткендей, қазіргі таңда өңір елді мекендерін орталықтандырылған су құбырларына қосу жөнінде 53 жоба жүзеге асырылуда.

"Биыл олардың 36 жобасы тапсырылады. Сапалы ауыз суға қосымша 30 мың адамның қолы жетеді. Нәтижесінде таза сумен қамтылған елді мекендер көрсеткіші 40%-ға жетеді. 2020 жылы 30 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 9,8 миллиард теңге бөлінді. Қосымша 15 жобаға 11 миллиард теңге қажет. Үкімет аталған жобаларға қолдау білдіріп, олар жүзеге асырылған жағдайда келесі жылы облыстың таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 54,1%-ға жетеді", - дейді Болат Бақауов. 



Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық