2020 жылы пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлікті қолдау үшін 19,5 мың жобаға субсидия берілген
27 Қазан 2021, 14:17 21957

2020 жылы пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлікті қолдау үшін 19,5 мың жобаға субсидия берілген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметі бекіткен дағдарысқа қарсы шаралар пакеті мен экономикалық өсімді қалпына келтіруге арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерге «Даму» қоры арқылы 826 млрд теңге болатын 19,5 мың жобаға субсидия берілген. Берілген субсидия шамамен 17 млрд теңгені құрайды.

Оған қоса 2020 жылы Үкімет кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын қабылдаған кезде «Даму» қоры несие сомасы 1,6 трлн теңге болатын 32,6 мың жобаға қолдау көрсеткен.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның басқарма төрайымы Гаухар Бүрібаеваның айтуынша, қор екінші деңгейлі банк, лизингті компания, микроқаржы ұйымдарымен кәсіпкерлерге жеңілдігі бар несиелендіруді, субсидиялауды және кепілдік беруді іске асырып келеді.

Соңғы он жыл ішінде «Даму» қоры кәсіпкерлерді субсидиялауға 278 млрд теңге бөлінген, сондай-ақ бюджетке 2,2 трлн теңге салық ретінде құйған. 2020 жылы субсидия ретінде бөлінген қаржының 1 теңгесі бюджетке, 2 теңгесі салыққа құйылса, 85 теңгесі түсім ретінде қайтып отырған,-дейді басқарма төрайымы.

2021 жылдың 9 айында «Даму» қоры қаржы құралдарын қолдана отырып, Қазақстанның микро, шағын және орта кәсіпорындарының несие сомасы 1,7 трлн теңге болатын 33,2 мың жобасына қолдау көрсеткен. Жалпы «Даму» қоры ашылғалы бері 8,2 трлн теңге болатын 139,9 мың шағын және орта бизнес жобасына қолдау көрсетіпті.


Фото: дереккөз
Загрузка...