2020 жылы нәрестелер өлім-жітімі 3%-ға төмендеді – Цой

30 Сәуір 2021, 11:22
2294
Бөлісу:
2020 жылы нәрестелер өлім-жітімі 3%-ға төмендеді – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу өткізіп, 2020 жылғы қызметі және ведомствоның 2021 жылға арналған жоспарлары туралы әңгімеледі.

Денсаулық сақтау жүйесі тап болған сын-қатерлерді ескере отырып және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес министрлік қызметтің жаңа басымдықтарын қалыптастырып, назар аударды. Олардың ішінде – МӘМС шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмысты күшейту, бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау, көлік медицинасын күшейту, барлық өңірде ірі заманауи ауруханалар салу, өңірлерде инфекциялық ауруханалар салу, елдімекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру, медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің орта мерзімді болжамын қалыптастыру, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, - деді ол.

Алексей Цой есеп беру брифингі барысында нәрестелер өлім-жітімі көрсеткішінің 3%-ға төмендегенін айтты.

2020 жылдың нәтижесі бойынша нәрестелер өлім-жітімі көрсеткішінің 3%- ға төмендеуі, бала туудың 3%-ға өсуі, қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткішінің 3%-ға азаюы байқалады. Бірлескен ведомствоаралық жұмыстың арқасында жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын өлім-жітім көрсеткіші 15%-ға төмендеді. Туберкулез сияқты қауіпті аурудан болатын өлім 21%-ға төмендеді, - деді министр.

Ол бұл сандардың соңында адам өмірі, медициналық қызметкерлерді жанқиярлық еңбегі және ішкі істер органдары, жергілікті, орталық және мемлекеттік органдар қызметінің ерен еңбегі тұрғанын жеткізді. Министрдің айтуынша, өлім-жітім көрсеткішінің тым болмаса, 1%-ға төмендеуінің өзі үлкен жетістік.

Өзгелердің жаңалығы