2020 жылы көпбалалы аналар 236 млрд теңгеден астам қаражат алған

19 Қаңтар 2021, 10:22
1429
Бөлісу:
2020 жылы көпбалалы аналар 236 млрд теңгеден астам қаражат алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 236,1 млрд теңгеге орта есеппен 392,4 мың отбасы қамтылды. Желтоқсан айында жәрдемақының бұл түрін жалпы сомасы 22 млрд теңгеге 428,3 мың отбасы алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан осы мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады.

2021 жылы төлем мөлшері 46760 мың теңгеден (4 бала) 81852 мың теңгеге (7 бала) дейін балалар санына байланысты сараланды, 8 балаға – 93344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы