2020 жылы көп сатылған жаңа көліктер

22 Қаңтар 2021, 07:41
2751
Бөлісу:
2020 жылы көп сатылған жаңа көліктер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан нарығы үшін 2020 жыл ерекше болды. Көктемнің ортасында машина саудасы мүлде тоқтап қалса да, былтырғы сатылым 2019 жылмен салыстырғанда 23,7 %-ға жоғары (92 989 дана) нәтиже көрсеткен, деп жазады kolesa.kz.

Жалпы 2020 жылы 92 989 жаңа жеңіл және коммерциялық көлік иесін тапты.

график-2

Тағы бір ерекше жағдай — үздіктердің ауысуы. 2019 жылы Lada (17,4 мың) көш бастаса, өткен жылы Hyundai (17,9 мың) ешкімге дес бермеді. Ал үздік үштікті 10,1 мың машина сатқан Toyota түйіндеді.

Төртінші орында Chevrolet тұр. ҚАБА дерегіне сүйенсек, бұл марканың өткен жылы 10 мың машинасы сатылып, 1097 % өсім көрсетті. Айта кетерлігі, Ravon Chevrolet-ке айналып, Қостанайдағы зауытта құрастырыла бастағанға дейін марканың елдегі жағдайы мүшкіл болатын. Дегенмен биыл ол жақсы нәтиже көрсетеді деген болжам бар. Бесінші орынға жайғасқан «Равон» былтыр 7,1 мың көлік сатты.

Сонымен қатар бұл тізімде Kia (6 мың), Renault (2,6 мың), JAC (2,5 мың), Nissan (2,4 мың) және Volkswagen (2,4 мың) бар.

Өзгелердің жаңалығы