Бас жаңалықтар
Елордада білім беретін 26 мекеме жөндеуден өтеді
13 Тамыз 2020, 14:42 131

Елордада білім беретін 26 мекеме жөндеуден өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай Көлгінов бірқатар білім беру мекемелерін аралады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысымен қатар қаладағы ғимараттарға да назар аудару қажет. Биыл білім беретін 26 мекемеде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Олардың қатарына мектептер, колледждер, балабақшалар жатады. Олардың басым бөлігін "жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы" аясында жүзеге асырамыз. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, - деді Көлгінов. 

Мәселен, "Жоғары көлік және коммуникация колледжі" ғимараты 75 жыл бұрын салынған. 

Мұнда ғимараттың қасбеті бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 130-дан астам терезе ауыстырылды. Колледж нарықта сұранысқа ие мамандарды шығарады. Мысалы, мекемеде электрмен жабдықтау, тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару, салалар бойынша логистика және т.б. сияқты мамандықтарға оқуға болады. Сондай-ақ кешкілік аралау барысында №58 мектеп-гимназиясына бардым (Ақан Сері көшесі, 22). Мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп шештік. Оқушылар "кезекші топтарда" оқитын білім беру мекемелерінде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы белгілер қойылады, оқушылар парталарға шахмат тәртібімен отырғызылады, – деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...