2020 жылы БҒМ-ға 6500 арыз-шағым түскен

28 Мамыр 2021, 11:47
10307
Бөлісу:
2020 жылы БҒМ-ға 6500 арыз-шағым түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлім болды.

Білім және ғылым жүйесін 20 мың білім беру ұйымы, 3,4 миллионнан астам оқушы және 540 мыңнан астам педагогтер қамтиды. Бұл еліміздің үштен бір бөлігін құрайды деп айта аламыз. Министрлікке көптеген өтініштер мен арыз-шағымдар келіп түседі. 2020 жылы жалпы құжаттық айналымды қарастыратын болсақ, тек осы министрліктің өзінде 115 мың хат, соның ішінде 6500 арыз-шағым түскен екен. Бұл көрсеткіш 2019 жылға қарағанда екі есеге артқан. Министрліктің көмек көрсету орталығына 20 мыңнан астам қоңырау түскен. Олардың барлығына тиісті жауап берілді, - деді министр.

Асхат Аймағамбетов министрліктің әлеуметтік блогының өзінде 2500 арыз-шағым және 6000 хабарлама қарастырылғанын айтты. Оның сөзінше, бұл - Мемлекет басшысы белгілеген «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстың бір көрінісі.

Бұған қоса, министрлік Президент тапсырмасы шеңберінде жұмысын ашық жүргізуде. Әр жұма сайын аппараттық жиналыстар міндетті түрде әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтеді. Эфир барысында халықтан келіп түскен сауалдарға дер кезінде жауап беріліп, мәселе халықпен бірге қарастырылып жатыр, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы