2020 жылы қарашада IX Азаматтық форум өтеді

29 Маусым 2020, 11:29
2008
Бөлісу:
2020 жылы қарашада IX Азаматтық форум өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтылды.

Бүгінде министрліктің азаматтық қоғамды дамыту бағытында атқарып жатқан саясаты шеңберінде түрлі жүйелі шаралар тізбегі үш бағыт бойынша жүргізілуде. Бірінші – дамудың институционалдық негіздерін құру, екінші - өзара әрекеттесудің диалогтық форматын құру, үшінші - ҮЕҰ-дың беріктігін нығайту. Жүйелі негізде берік алаңдар жұмыс істейд - "ASAR" үшжақты серіктестік платформасы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі, қоғамдық кеңестер мәжілісі,- деді министр.

Брифинг барысында 2020 жылдың қараша айында IX азаматтық форум өткізу жоспарланып отырғаны айтылды.

Үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі. Жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру шеңберінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру көлемі ұлғаюда, - деді Балаева.

Министр 2016 жылдан бастап гранттық қаржыландыру 9 есеге артқанын (208 млн теңгеден 1,9 млрд теңгеге дейін) айтты. 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ағымдағы жылы мемлекеттік органдар жалпы сомасы 18 млрд теңгеге 2 мыңнан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Азаматтық қоғамның жүйелі дамуын қамтамасыз ету үшін министрлік үкіметтік емес сектордың белсенді қатысуымен кешенді шаралар әзірледі және қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісу жүріп жатқан 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасына енгізді. Осы тұжырымдама шеңберінде азаматтық дамудың институционалдық негіздерін құру үшін жүйелі шаралар көзделген, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы