16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16 Ақпан 2020, 09:17
987
Бөлісу:
16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжамы бойынша, 16 ақпан күні атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. 

Еліміздің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік жартысында жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Жел күшеюі мүмкін. 

Қарағанды, Қостанай, Ақмола, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең  тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында боран болады. 

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Өзгелердің жаңалығы