2019 жылы елімізде қандай әуе рейстері ашылады

24 Ақпан 2019, 16:20
1975
Бөлісу:
2019 жылы елімізде қандай әуе рейстері ашылады

Астана, BAQ.KZ. Биыл Прага, Ұланбатыр мен Токиоға тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл туралы «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының баспасөз қызметі хабарлады.


«2019 жылы Қазақстанда бірнеше тікелей әуе қатынасы ашылады. Олар - Прага, Ұланбатыр мен Токиоға дейінгі рейстер. Алғашқы екі бағытқа «Скат» қызмет көрсетеді. Мамыр айында «Скат» авиапаркі екі жаңа Боингпен толығады. Ұланбатырға бірінші әуе рейсі 2 маусымда жасалады. Моңғолияға билеттер сатылымға шықты», - делінген қор мәліметінде.

Бұған қоса, «Скат» жазда Батуми, Краснодар, Сочиге дейінгі әуе қатынасын жаңғыртады. Бұл қалаларға тікелей рейстер Астанадан жасалады. Сондай-ақ, Ереван мен Минеральные Воды қаласына да әуе рейстері болады. Атап өтсек, бұл демалыс кезеңіне арналған маусымдық бағыттар.

Сонымен қоса, биыл Баку-Алматы, Новосібір-Астана, Мәскеу-Семей әуе қатынасы ашылмақ. Бұнымен бірге, Қазақстаннан Шанхай қаласына рейс ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы