2019 жылдың он айы ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 103,5% құрады – Атамқұлов

12 Қараша 2019, 11:46
2663
Бөлісу:
2019 жылдың он айы ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 103,5% құрады – Атамқұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгінгі Үкімет отырысында жыл басынан бергі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 103,5% құрағанын, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 103,7%, өңдеуші өнеркәсіп 103,3% болғанын айтты.

Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 15 өңірде оң нәтижесін берген, тек Қызылорда облысында 9,8%, Басты Қазақстанда 7,6%-ға көрсеткіш төмендеген.
Тау-кен өндіру секторында түсті кен өндірісінің көлемі 2018 жылы пайланалуға енгізілген тау-кен өндіру кәсіпондары есебінен 18% ұлғайған.
Жыл басынан бері темір-кен өндіру саласында оң динамика байқалады. Тауарлық кен өндірісі 48% ұлғайды, өндіру көлемінің 103,8% өсуі есебінен және концентрат пен шекем тастар экспортынан өсу қамтамасыз етілді. Көмір мен лигнит өндіру көлемі 97,3% құрады. Көрсеткіштер көмір өндіру кәсіпорындарында көмір өндірушінің азаюы салдарынан төмендеді. Бұл ретте көрсеткіштің нақты көлем индексі 0,4% өсуі байқалуда және жылдың соңына қарай + 1,8% орындау күтілуде. Сонымен бірге көмір экспорты бойынша Ресей федерациясы бағытында оң динамика байқалады, өсуі 102,6% немесе 15,3 млн тоннаны құрады, - деді министр.
Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі өсу 3,3% құраған. Негізгі секторлары бойынша мынандай динамика байқалған: түсті металлургияда өндіріс көлемі 7,3% өскен, қара металлургияда өндіріс көлемі 94,4% құраған және жыл басынан бері сала бойынша өндіріс көлемі өсуде.
Арселормитталда өндіріс көлемінің өсім динамикасы қаңтардағы 48%-дан қазанда 86% дейін өсті және болат өндірісінің көлемі 289 мың тоннаны құрады. Жыл соңына дейін шамамен 3,6 млн тоннан болат өндіріледі деп күтілуде, - деді Бейбіт Атамқұлов.
Жыл басынан бері мемлекеттік бюджет кірістері 14% болғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз. Қазан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 5,5% құрағаны туралы ҚР Ұлттық банк басқарма төрағасы Ерболат Досаев айтты.


Өзгелердің жаңалығы