Бас жаңалықтар
2019 жылғы Ораза кестесі
26 Сәуiр 2019, 16:03 1380

2019 жылғы Ораза кестесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы рамазан айының бірінші күні 6 мамырда басталады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚМБД басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асырылған.

«Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, шағбан айын отыз күнге толтырып, бастай беріңдер», – деген. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратты», - дейді Ағабек Қонарбайұлы.

ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесін ескеріп 2019 жылғы ораза кестесін бекітті.

Биылғы Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым – ораза айттың бірінші күні.

Сондай-ақ, биылғы пітір садақаның мөлшері де бекітілді. Пітір садақаның мөлшері – 300 теңге. Бұл – пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден артық беруге де болады.

Загрузка...

Сізден жаңалық