2019 жылғы әлемдегі ең үздік спортшылар кімдер?

18 Ақпан 2020, 15:34
2008
Бөлісу:
2019 жылғы әлемдегі ең үздік спортшылар кімдер?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аргентиналық футболшы Лионель Месси мен британдық "Формула-1" жүргізушісі Льюис Хэмилтон өткен жылдың үздік спортшылары деп танылды. 

Бұл туралы "Известия" сайтында хабарланды. 

Спортшыларға Laureus премиясының сыйлығы табысталды. Марапаттау рәсімі жуырда ғана Берлинде өтті. Месси әлемде бұл марапатты алған алғашқы футболшы екені атап өтілген. Аты аңызға айналған футболшы салтанатқа қатыспады, бірақ өзінің ризашылығы мен алғысын білдірген бейнематериалды жолдаған. 

Бұл командалық спорт түрінен келген спортшылардың арасында тұңғыш болып бұл марапатты жеңіп алу мен үшін үлкен мәртебе, - деп мәлімдеді Месси.

Ал атақты жарысушы Хэмилтон бұл марапатқа бұрын да ие болған. 2008 жылы оған "Жыл серпілісі" номинациясында Лауреус статуэткасын табыстаған болатын. Спортшы өзінің кәсіби жетістіктерімен ғана емес, сонымен бірге болып жатқан оқиғаларға немқұрайлық танытпайтындығымен де танымал. 

Льюис Хэмилтон Австралиядағы өрттермен күресу үшін қомақты қаражат бөлмекші болды. 

Бұған дейін әлемдегі ең мықты спортшы ретінде аралас стильдегі жекпе-жек күресшісі ресейлік Хабиб Нурмагомедовты жариялаған болатын. Ол өзінің қарсыластары – Джон Джонсон мен Генри Сехудодан басым түсті.

Өзгелердің жаңалығы