2018 жылы жедел жәрдем қызметі шақырған науқастарға 7,2 млн рет барған

18 Қаңтар 2019, 11:12
2003
Бөлісу:
2018 жылы жедел жәрдем қызметі шақырған науқастарға 7,2 млн рет барған

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы жедел медициналық жәрдем қызметі науқастардың 7 255 000 шақыртуына барған. Бұл туралы республикалық санитарлы авиация орталығы хабарлады.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша, жедел медициналық көмек көрсетудің екі деңгейлі моделін енгізу нәтижесінде науқасқа жету уақыты айтарлықтай қысқарды. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылдың шілде айында шақырылған мекенжайға жету уақыты 25 минуттан 18 минутқа қысқарған. 2018 жылдың соңында шақырылған жерге жету жылдамдығы 15 минут 42 секундқа дейін қысқарған.

Жедел медициналық көмек көрсету саласына халықаралық стандарттарды енгізу жалғасуда.

«Жедел медициналық көмек көрсетудің сапасы жақсарған соң ауруханаға жетпестен өліп кету саны да азайды. 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1048 жағдайға қысқарды», - дейді орталықтағы мамандар.

Модернизациялаудың тағы бір артықшылығы – емханалардың созылмалы дерті бар науқастармен жұмысы жақсарды. Орталықтың мәліметінше, 103 қызметінің материалдық-техникалық жағдайы жақсарды.

Соңғы екі жылда медициналық құрылғылармен қамту 4% көбейіп, жалпы алғанда 87% құрады.

Өзгелердің жаңалығы