2018 жылы бөлшек несие қоржыны 6 трлн теңгеден асты – Бірінші несиелік бюро

30 Қаңтар 2019, 14:50
2652
Бөлісу:
2018 жылы бөлшек несие қоржыны 6 трлн теңгеден асты – Бірінші несиелік бюро

Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. 2018 жылы бөлшек несие қоржыны 6 трлн теңгеден асып кетті, ал жалпы Қазақстанның несиелік қоржын жиынтығы 23 триллион теңгеден артты. Бұл туралы Бірінші несиелік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева Алматыда өткен брифинг кезінде айтты.

Жиын барысында Ә.Нұрғалиева Бірінші несиелік бюрода 40 млн-ға жуық мәліметтер базасы бар екенін және әрдайым несиелендіру бойынша сараптама жүргізіп, қашанда жаңа сандарды ұсынып отыратындықтарын жеткізді.

Сонымен қатар, 2018 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек несие қоржыны 800 млрд теңгеге өскені айтылды.

«Салыстырмалы түрде айтар болсам 2017 жылдың соңы мен 2018 жылдың басында бөлшек несие қоржыны 5 трлн теңгені құрады, оның алдындағы екі жылда 4 трлн теңге деңгейінде болып келді. Қазір бөлшек нарығындағы несиелендіру белсенділік танытып келе жатқанын байқаймыз. Оған нарықтағы ойыншылар әсер етуде, не дегенімен банктер белсенді түрде несиелендіруде. Екіншіден, нарықтағы ойыншылардың саны өсіп келеді. 2018 жылдың басында Несиелік бюродан мәлімет алатын 200 несиелік ұйым болса, жыл соңында олардың саны 270 жеті. Олар қазақстандықтарға несие беру барысында бізден несиелік есебін алып, сараптама жүргізетіндер», - деді ол.

Несиенің 92 пайызы екінші деңгейлі банктермен берілген, ал микроқаржылық ұйымдар бір жыл ішінде өз үлесін 4,6 пайыздан 5,2% дейін көбейткен, қалғандары басқа несиелік ұйымдардың еншісінде екен.

Әділет МҰСАХАЕВ
Фото: Авто
Өзгелердің жаңалығы