Маңғыстауда 200 түлекке облыс әкімінің гранты тағайындалады

27 Мамыр 2019, 13:48
4309
Бөлісу:
Маңғыстауда 200 түлекке облыс әкімінің гранты тағайындалады
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жайында Ақтауда өткен жиында өңірлік білім басқармасының басшысы Асқар Әбиұлы хабарлады. 

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте биыл облыс бойынша 5579 оқушының мектеп бітіретіні айтылды. Олардың 4 мың 298-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниетті.   

Айта кетейік, биыл ҰБТ облыс бойынша төрт тестілеу орнында 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді деп жоспарланған. Оқушылардың білім деңгейін анықтаудың бір ерекшелігі – осы жылғы түлектер жылына 4 рет тест сынағына қатысады. 

Мысалы, наурыз және тамыз айларында тестілеуден өтіп, белгіленген шектік балды жинаған талапкерге білім сертификаты беріледі. Одан әрі ол өзі таңдаған жоғарғы оқу орнының тек ақылы бөліміне ғана түсе алады. Ал келер маусым айында болатын сынақтан жоғары балл жинай алған түлек мемлекеттік грантқа ие болады. 

Ал алдағы маусым айындағы сынақтан жоғары балл алғандар мемлекеттік грантқа ие болады. 

«Сондай-ақ жылдағы дәстүрмен биыл да түрлі санаттар бойынша мектеп бітірушілерге жоғарғы оқу орнына түсуге облыс әкімінің гранты беріледі. Өткен жылы аймақ бюджетінен бөлінген қаражатқа 175 бала жоғарғы оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Бір ескеретіні, олардың 90%-ы ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жетім және жартылай жетім, сонымен қатар аз қамтылған отбасынан шыққан балалар», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев. 

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда 175 бала еліміздің 13 университетінде білім алуын жалғастыруда. Ал биылғы мектеп бітірушілер үшін Маңғыстау облыс әкімінің атынан 200 білім гранты тағайындалып отыр. Бұл ретте де мұндай мүмкіндікке әлеуметтік қолдауға мұқтаж жанұядан шыққан балалар бірінші кезекте қол жеткізе алады. 


Өзгелердің жаңалығы