Бас жаңалықтар
Түркістан облысында 200 мыңнан астам пациентке тегін дәрі-дәрмек таратылды
16 Шілде 2019, 18:29 175

Түркістан облысында 200 мыңнан астам пациентке тегін дәрі-дәрмек таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың жарты жылдығында Шымкент қаласында тіркеуде тұрған 66 727 пациент тегін дәрі-дәрмек алды.

Ол үшін бюджеттен 2 млрд теңге жұмсалды. Ал Түркістан облысы бойынша 2,6 млрд теңгеге диспансерлік тіркеуде тұрған 141 715 пациентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді.

СК-Фармация "ЖШС" баспасөз қызметінің хабарлауынша, 45 нозологияның басым бөлігіне препараттар мемлекеттік бюджет есебінен беріледі. Шымкент қаласындағы онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың дәрі-дәрмегіне 327 млн теңге жұмсалды. Мукополисахаридозбен ауыратын науқастарға 274 млн теңгеге дәрі-дәрмек таратылды. Шымкент қаласында қант диабеті және артериялық гипертензия бойынша тіркеуде тұрған пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін млрд теңгенің төрттен бір бөлігі жұмсалды.

Шымкент қаласынның тегін таратылатын дәрі-дәрмекке деген жылдық тапсырысы 4,4 млрд теңге. Ал қазір Шымкенттегі медициналық ұйымдарға 2,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек жіберілді.

"Түркістан облысы бойынша бірінші жартыжылдықта қант диабетіне шалдыққан науқастарға көп шығын жұмсалды. Осы аурумен ауыратын адамдарға 413 млн теңгеге дәрі-дәрмек пен медициналық заттар берілді. Түркістан облысында артериялық гипертензиясы бар науқастар 383 млн теңгеге дәрі-дәрмек, ал тұқым қуалайтын және туғаннан қаны ұйымайтын пациенттерге 373 млн теңгеге дәрі-дәрмек алынды. Психикалық аурурға шалдыққан науқастарға 208 млн теңгеге дәрілік заттар жеткізілді. Ал онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға 174 млн теңгеге дәрі-дәрмек берілді", - делінген хабарламада.

Арыс қаласын жылдық амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту үшін дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың 152 позициясына 117,1 млн теңгені құрады. Қазір 78,2 млн теңгеге дәрі-дәрмек жіберілді. Пациенттерге 53,1 млн теңгеге дәрі-дәрмек таратылды.

Түркістан облысына 4,2 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер жөнелтілді. Ал 2019 жылы облыс бойынша жылдық сұраныс 7,4 млрд теңге.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық