Өңірде 200-ге жуық педагог жетіспейді – Маңғыстау облысының әкімі

10 Тамыз 2020, 18:25
1383
Бөлісу:
Өңірде 200-ге жуық педагог жетіспейді – Маңғыстау облысының әкімі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жаңа оқу жылы қарсаңында білім мәселесіне қатысты брифингке қатысып, салаға қатысты сұрақтарға жауап берді.        

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл жаңа оқу жылында 304 балабақша, 141 жалпы орта білім беретін күндізгі, 9 жекеменшік, 6 кешкі мектеп, 4 арнайы білім беру, 27 техникалық кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс істейді.

Облыстағы 304 балабақшада (145 мемлекеттік, 159 жекеменшік) 36315 бала тәрбиеленеді. Өңірдегі карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты 7 шілдеден бастап кезекші топтардың жұмысы тоқтатылды.

Осыған қарамастан республикалық ведомствоаралық комиссияның және өңірлік жедел штабының шешімімен жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында қызметкерлердің жалақылары толық көлемде төленіп келеді.

Қазіргі кезде 1-6 жастағы 33484 бала кезекте тұр. Карантин жағдайына байланысты балабақшаларға жолдама беру уақытша тоқтатылды. 3-6 жастағы қамту 100%, 1-6 жас 60%.

e576c03b-1f6c-4904-8e0f-afc3e170d5fe.jpg

1 қыркүйектен бастап 141 мектепке 160 630 оқушы келеді деп күтілуде. Болжам бойынша 1 сыныптарға 19 900 оқушы келеді. Жаңа оқу жылының қарсаңында 7 мектеп: 1860 орындық 3 мемлекеттік мектеп (Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында 960 орындық, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында 600 орындық, Қарақия ауданы, Жетібай ауылында 300 орындық бастауыш мектеп); 934 орындық 4 жекеменшік мектеп (Ақтау қаласында-3, Мұнайлы ауданында - 1) іске қосылады. Жыл соңына дейін Ақтау қаласындағы 34 ш/а 1200 орындық, Шығыс-1 ш/а 300 орындық 2 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша, жаңа оқу жылында барлығы 9 мектеп іске қосылады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Ақтау қаласында 3600 орын болатын 3 мектептің құрылысы басталады, - деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.
10 тамыздағы жағдайға сәйкес, 35 мектепте (66%) әжетханаларды орнату жұмыстары, 79 мектепте (84%) бейнебақылау жүйелерін орнату жұмыстары аяқталды.

1-10 сынып оқушыларына қосымша қажеттілікке, 11-сыныптарға толықтай жаңа бағдарламаға сәйкес басылып шығатын оқулықтар және 1-сыныптарға жұмыс дәптерлерін барлығы 1 128 638 дана оқулық сатып алынады.

Бүгінгі күні өңір мектептерінде 168 педагогқа қажеттілік бар, оның ішінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, математика, физика, химия, орыс тілде оқытатын бастауыш сыныптарының мұғалімдеріне қажеттілік басым.

Биыл басқа облыстардың ЖОО-нан педагогикалық мамандықтарды бітірген 300-ге жуық түлек, Ш.Есенов университетін 159 педагог (30 математика, 18 тарих, 23 биология, 34 орыс тілі мен әдебиеті, 37 ағылшын тілі, 14 физика, 3 информатика) бітіріп келеді деп жоспарлануда.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 2019-2020 оқу жылында 502 маманға қолдау көрсетілді, соның ішінде 322 адам біржолғы жәрдемақы, 180 адам тұрғын үй кредиттерін алды.

Облыс бойынша 53 мектептің сыртқы әжетханаларын ішке орнату және 94 мектептегі бейнебақылау жүйелерін жаңарту және жетілдіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 312 млн теңге қаржы бөлінді. 

Өзгелердің жаңалығы